Егер осы болмағанда сен міндетті түрде бақытты болар едің - стр. 4
– бай болып туылмаған соң, бастап та қажеті жоқ;
– мен лайықты емеспін;
– мен соншама керемет емеспін;
– менің қолымда тұрған жоқ;
– маған кім қол ұшын созар екен;
– әлім келмейді, күшім жетпейді;
– шабытым жоқ, қиялым жетпейді;
– уақытым жоқ;
– басқа шаруамды бітіріп алайын;
– қолым тимейді;
– жағдай осылай болды;
– бұған олар кінәлі;
– оған қаражатым жоқ;
– менің жұмысым жоқ, жұмысым ұнамайды;
– аз төлейді;
– айлығым шайлығымнан ауыспайды;
– менің балаларым, жолдасым, отбасым бар ғой;
– қорларым (ресурстарым) жоқ;
– мүмкіндігім жоқ;
– анау жаман;
– ерініп отырмын;
– басыма салғаны осы;
– енді мен қартайдым;
– енді өзімді жөндей алмаймын;
– ал егер… болып қалса ше, – деп қорқам;
– мен әлі жаспын;
– мен жұмысымды, достарымды, отбасымды, беделімді және т.б. жоғалтуым мүмкін, бастысы – өзімді таңдамасам және өзімді соңғы орынға қойсам;
– және де менде тағы не жоқ, тағы неден айрылам деген секілді шексіз уайымдар…
Деніміздің сау болғаны орындалмас арман болып тұрса да, біз тіпті темекі шегу мен артық тамақтанудан бас тартуға қорқамыз. Өйткені біз өзімізді миллион есе артық, соның ішінде шынайы ләззаттан айыратынымызды түсінбей, қиялдағы ләззаттан айырудан қорқамыз.
Бізге үнемі бір нәрсе жетіспейді, біз өзімізді үнемі құнсыздандырамыз, бірақ біз шынымен сондай болғандықтан емес, жоқ, бұл біздің сылтауымыз, бұл біздің қиялымыз. Бізге осылай оңай. Біз өз ойларымызбен өзімізді тонап жатырмыз.
Неліктен әрекеттенбейтінімізді өзімізге осылайша түсіндіру біздің санамызға оңайырақ. Бірақ бұл фактілерге ешқандай қатысы жоқ. Біздің ақыл-ойымыз осы сылтауларды ойлап табу арқылы, объективті шындықтан, көптеген нұсқалардың арасынан тек өз ойларының дұрыстығын растайтын фактілерді іздеп табады, және де ақыл ешқашан басқа нәрселерге назар аудармайды, ол сылтауларға шоғырланған және оның басқа нәрсені көруге мүмкіндік жоқ.
Себеп оның мүмкіндіктері болмағанда емес – жоқ, ақыл оларды әдейі байқамайтын болады, барлық назарды әрқашан өзінің дұрыстығын растауға бағыттайды.
Бұл басқа фактілер болмағандықтан емес, оларды байқамау туралы шешім қабылданғандықтан, себебі қателесу – фактілерді мойындаудан да қорқынышты.
Біз осылай ойлаған бойда, әрекетсіздігіміз үшін сылтау ойлап тапқаннан кейін, біз автоматты түрде әрекеттің үмітсіздігі туралы шешім қабылдадық және миымыздан бұл туралы сигнал алған денеміз осы фактілерді көруге көмектесу үшін бәрін жасайды.
Біздің іс-әрекеттеріміз біздікі дұрыс екенін растауға арналғанын тағы да назарыңызға салайын! Және де бұның бәрін біз бейсаналық түрде жасаймыз.
3. ТАРАУ. ШЕКТЕУШІ СЕНІМДЕР
Бізді шектейтін шаблондардың тізімін тағы бір рет қараңыз.
Біздің әлеуетімізді жүзеге асыруда бізді шектейтін бағдарламалардың тізімі шексіз. Бұл үлгілер біздің санамызды қалыптастырады. Біз проблемаларды шеше алатын немесе оларды мүлдем жасамайтын әрекеттерден өзімізді толығымен шектейміз. Бұл шаблондар біздің тілектерімізді орындауға мүмкіндік бермейді және бізді бақытсыз етеді.
Біз оларды өмір бойы өзімізді қиялдағы қауіптен қорғау үшін аламыз. Бірақ біз өзімізге үлкен қауіп төндіреміз.
Қашуға немесе шабуыл жасауға тырысқанда, біз ештеңе жасамаймыз немесе, біз үшін пайдасы жоқ әрекет жасаймыз. Барлығын қауіпсіз етуге тырысу өте қауіпті. Әрекетсіздік біздегі өмір өзегін өлтіреді, өйткені өмір – бұл қозғалыс, әрекеттердің шексіз тізбегі.